Нұрдәулетов пен Қоңқабаев өзбек боксшыларын жеңе ала ма?

1151

Бокстан әлем чемпионатын Qazaqstan (Сағ: 16:00-де) мен Qazsport (Сағ: 20:30-да) телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Нұрдәулетов пен Қоңқабаев өзбек боксшыларын жеңе ала ма?

Екатеринбургте бокстан әлем чемпионатының жартылай финалы аяқталып, ақтық сынға шыққан спортшылар анықталды, деп жазады Olympic.kz.

Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев ең соңғы болып финалға жолдама алды. Қамшыбектің қарсыласы Джастис Хуни (Австралия) кездесуден бас тартып, қазақстандық боксшы автоматты түрде финалға өтті. Финалда Қоңқабаев Өзбекстан өкілі Баһадүр Жалоловпен жұдырықтасады. 

Сондай-ақ, 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов те әлем чемпионатының алтынынан үмітті. Ол жартылай финалда атағынан ат үркетін Хулио Сезар Ла Крузды жеңді. Кубалық боксшы әлем чемпонатының төрт дүркін чемпионы әрі Рио Олимпиадасының жеңімпазы.  Ақтық сында Нұрдәулетов өзбекстандық Дилшодбек Рузметовпен күш сынасады. 

Ал үндістандық Амит Пангалға есе жіберген Сәкен Бибосынов (52 келі), филиппинлік Эумир Марсьяльдан жеңілген Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), эквадорлық Хулио Кастильоға жол берген Василий Левит (91 келі) және тәжірибелі Андрей Замковойға шамасы жетпеген Абылайхан Жүсіповтер (69 келі) әлем біріншілігінің қола жүлдегерлері атанды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу