Нұрғали Нұрғайыпұлы қола медальге таласады

1554

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты аяқталуға жақын.

Нұрғали Нұрғайыпұлы қола медальге таласады

Еркін күрестен 92 келіде белдесетін Нұрғали Нұрғайыпұлы қола жүлде үшін кілемге шығады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Нұрғали іріктеу кезеңінің екінші айналымында өз салмағының үздігі, әлем чемпионы Джейден Коксқа есе жіберген болатын. Өз кезегінде Джейден финалға жолдама алып, қазақ балуаны жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды.  Жұбаныш белдесуінде Нұрғали Нұрғайыпұлы алжирлік Мохаммад Фарджиді 7:4 есебімен жеңді. Қола медаль үшін өтетін кездесуде Нұрғали грузиялық спортшыға қарсы күреседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу