Нұрғалым Әбдіров Жамбыл облысының бас прокуроры болып тағайындалды

2608

Ал осыған дейін Жамбыл облысы прокурорының лауазымын атқарған Ж.Қ. Құсайынов Бас прокуратураның өкіміне енгізілді.  

Нұрғалым Әбдіров Жамбыл облысының бас прокуроры болып тағайындалды

Мемлекет басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Нұрғалым Әбдіров тағайындалды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Нұрғалым Мәжитұлы 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

"Прокуратура органдарында қызметін 1991 жылы бастаған. Басшылық қызметтерде тәжірибесі мол. Бас прокуратураның үш Департаментін басқарған. Олардың ішінде Арнайы прокурорлар, тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаменттері. Сонымен қатар Астана, Алматы, Оңтүстік-Шығыс өңірлік көлік прокурорларының бірінші орынбасары қызмет атқарған, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы прокуратураларын басқарған", – делінген хабарламада

Оның прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 28 жылдан астам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу