Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Пхеньянда жалауын желбіреткен додада бүгін қазақстандық спортшы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлде жеңіп алды. 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысып, 357 келіні бағындырды.
Дәл осы салмақта Оңтүстік Корея спортшысы Дахун Ем (358 келі) үздік атанса, КХДР өкілі Кум Ил Пак (354 келі) үшінші орыннан көрінді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу