Нұрғиса Дәуешов: Келер жылы ArtSport бойынша қаражат жетіспеу мәселесі болмайды

472

Үкімет тарапынан "ArtSport" бағдарламасына арнайы қаржы бөлінді. 

Нұрғиса Дәуешов: Келер жылы ArtSport бойынша қаражат жетіспеу мәселесі болмайды Фото: ortcom.kz

 Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған тұңғыш жоба. Негізі министрліктің жұмысы осы "ArtSport" бағдарламасының ережелерін, тәртібін пысықтау, осыған қатысты көптеген сұрақ туындады. Бүгінгі таңда осыларды ретке келтіру мақсатында нақты жұмыстар атқарылып, жаңа нормалар енгізілді. 

Енді қаржыландыру мәселесіне келетін болсақ, бұл әрбір облыстың, өңірлердің жеке жоспарына сәйкес жүзеге асады. Дегенмен, биыл қаржы жетіспеу мәселелеріне байланысты Үкімет тарапынан да "ArtSport" бағдарламасына арнайы қаржы бөлініп отыр. Болашақта әр өңір өзінің тиісті жұмыстарын, яғни бюджеттік жоспарлау кезінде нақты есептерін жобалайды деген сенімдеміз. Қазіргі таңда қаржыландыру мәселесі бойынша алған воучерлер немесе басқа да жұмыс істеп жатқан мамандарға қатысты толық қаржылық мәселелер шешілді. Алдағы жылы мұндай проблемалар болмайды деген ойдамыз", - деді Нұрғиса Дәуешов тілшілер сұрағына берген жауабында.

Сондай-ақ, ведомство өкілі "ArtSport" бағдарламасына қатысатын орталықтарға қойылатын талаптың күшейтілгенін де айтты.

"Неге ережені күшейтті деген сұраққа келер болсақ, бұл балалардың қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Балалар баратын үйірмелер орналасатын шығармашылық, спорттық ұйымдардың инфрақұрылымы дұрыс болу керек", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу