Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту қажет – Президент

1162

Президент "Отырар сазы" оркестрінің жетекшісі Динара Тілендиеваны қабылдады. Кездесу барысында қазақ мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту қажет – Президент

Динара Тілендиева Қазақстан Президентіне "Отырар сазы" мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің қызметі мен алдағы жоспары туралы мәлімет берді.

Атап айтқанда, ол бірқатар перспективті жобаны жүзеге асыру жайында, оның ішінде италиялық тенор Андреа Бочеллидің репертуарындағы және басқа да қазақтың халық аспаптарында ойнайтын белгілі музыканттардың танымал шығармаларын орындау жөнінде баяндады.

2025 жылы аса көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады. Кездесуде осы мерейтойға арнайы назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған маңызды оқиғаны кең көлемде атап өту қажет екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу