Еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрғожа Қайпанов 74 келі салмақ дәрежесіне ауысты, деп хабарлайды Olympic.kz.
"Бапкерлермен ақылдаса келе, 74 келіге ауысамын деп шештім. 2019 жылдың аяғына таман осы салмақта алғаш рет жарысқа қатыстым. Жанат Усинді еске алуға арналған турнирде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжановқа есе жібердім. Биылғы маусымдағы басты мақсат – осы салмаққа бой үйрету. Бұйырса, Ярыгин турниріне дайындалудамын", – дейді Қайпанов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу