Нұргүл Ертаева және Алма-ТВ директорлар кеңесінің басшысы сырттай екі айға қамауға алынды

606

Нұргүл Ертаева және Алма-ТВ директорлар кеңесінің басшысы сырттай екі айға қамауға алынды

Bank RBK-нің бұрынғы тәуелсіз директоры Нұргүл Ертаева мен Алма-ТВ директорлар кеңесінің басшысы Александр Пархоменко сырттай екі айға қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматының қалалық сотына сілтеме жасап. 

Бұлтартпау шарасына Медеу аданының № 2 соты санкция берді. Ертаева мен Пархоменко аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді (ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-тарауы, 2-тармағы). "Алматының Медеу ауданының № 2 сотының тергеуші судьясы күдікті Нұргүл Ертаеваның жоқ кезінде оны екі айға қамау туралы шешім шығарды, Александр Пархоменкоға да қатысты солай", - дейді сот баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, Қазақстан ІІМ-нің Интерполдық Ұлттық орталық бюросының сұранысымен Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталған болатын. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін халықаралық іздеуде болған. Қазіргі кезде Ертаев үй қамағында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу