Нұрислам Санаев Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

1598

Ал өзге балуандарымыз жүлдеден алыс қалды. 

Нұрислам Санаев Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Будапеште күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында Нұрислам Санаев күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Еркін күрестен 57 келі салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда ресейлік балуан Заур Угуевтен 3:4 есебімен ұтылды. 

Соңғы ұпайды иеленіп, чемпиондық атаққа біртабан жақын тұрған Санаевқа төрешілер күтпеген жерден ескерту берді. Ал қалған 13 секундта біздің спортшы ұпай алып үлгерген жоқ. 

Еске сала кетейік, еркін күрестегі өзге қазақстандық балуандар жүлдеден алыс қалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу