Қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты.
Қазақстандық балуан жартылай финалда Үндістан балуаны Рави Кумарға есе жіберген еді. Қола медаль үшін күресте Санаев намысты қолдан бермеді.
Бұл қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі екенін естеріңізге саламыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу