Нұрислам Санаев сыйақысын қайрымдылыққа жұмсайтынын айтты

975

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев барша қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғысын айтып, мемлекет тарапынан тағайындалған сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты.   

Нұрислам Санаев сыйақысын қайрымдылыққа жұмсайтынын айтты

"Құрметті достар!

Қазақстанда спортпен айналысамын деген адамға бар мүмкіндік қарастырылған. Бұл президентiмiздiң спортқа деген оң көзқарасының нәтижесі...
Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарға қолдауларыңыз үшін алғыс айтқым келеді.

Мен ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім. Сол кездегі бала арман мені биік белестерге жетеледі. Ең алғаш спортқа қадам басқанда олимпиадада топ жарып, мұқтаж жандарға көмектесу арманым болатын. Бүгін де сол арманыма қол жеткізіп отырмын. Мемлекет тарапынан маған берілетін қомақты сыйақыны мен мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақпын. Елімізде бақытты отбасылардың саны көп болсын!", - дейді ол өзінің instagram парақшасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу