Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу неліктен тоқтатылғаны белгілі болды

110

Сараптама қорытындылары негізінде Н.Ғайыпбаевтың өлімі өзіне-өзі қол жұмсау салдарынан болғаны анықталды. 

Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу неліктен тоқтатылғаны белгілі болды Фото: BES.media

Алматы облысының прокуратурасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу неліктен тоқтағанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық прокуратура жауабына сәйкес, Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы Н.Ғайыпбаевтың өлімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-баптың 1-бөлігімен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) тіркелген қылмыстық іс аясындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.

 – Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Жиналған дәлелдер, сараптама қорытындылары және өзге де материалдар негізінде Н.Ғайыпбаевтың өлімі өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) салдарынан болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеу фактілері анықталған жоқ. Сол себепті, тергеу органымен осы жылдың 17 маусымында сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚПК-нің талаптарына сәйкес тоқтатылды, – делінген прокуратура жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу