8 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров кезектен тыс Мәжілісі депутаттарының сайлауын байкау жөніндегі ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының басшысы Оуэн Мёрфимен кездесті, деп жазады inbusiness.kz.
Нұрлан Әбдіровтің сөзінше, алдағы кезектен тыс сайлау "ҚР сайлау туралы" Конституциялық заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес жаңа сайлау қағидалары мен нормалары бойынша өткізіледі. Оның ішінде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау кезінде жаңа пропорционалды-мажоритарлық модельге көшу, Мәжіліс пен мәслихат депутатын кері қайтарып алу бойынша императивті мандат енгізу, дауыс беру күні сайлау учаскесінде БАҚ өкілдерінің қатысу мүмкіндіктерін кеңейту де бар.
Бұдан басқа ол сайлау заңнамасындағы бірқатар түзетулердің 2021 жылғы парламенттік сайлауды бақылау қорытындылары бойынша ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының ұсынымдарына толық жауап беретінін де атап өтті.
ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының басшысы Оуэн Мёрфидің айтуынша, дауыс беру күні миссия құрамына ДИАҚБ офисінің басшысы мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылар тобы қосылады.