Нұрлан Әбдіров саяси партияларды үгіт материалдарын әзірлеуде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын ескеруге шақырды

320

Нұрлан Әбдіров саяси партияларға қойылатын талаптарды сақтауға үндеді.

Нұрлан Әбдіров саяси партияларды үгіт материалдарын әзірлеуде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын ескеруге шақырды Фото: dcaru.inform.kz

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров саяси партияларды үгіт іс-шаралары мен материалдарын әзірлеу барысында көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын ескеруге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысып жатқан саяси партияларға үндеу жасағым келеді. Конституциялық сайлау құқықтарының іске асырылуы сайлау процесінің барлық кезеңінде, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін де қамтамасыз етілуге тиіс. Саяси партияларды осы талаптарды ескеруге шақырамын. Бұл сайлаушылармен кездесулер өткізілетін орындарға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге, жария ісшараларды сурдоаудармамен сүйемелдеуге, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға партиялардың сайлау алдындағы бағдарламаларымен толық танысуға мүмкіндік беретін қолжетімді форматтағы үгіт материалдарын пайдалануға қатысты. Барлығымыз мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге жан-жақты қолдау көрсетеміз деп сенемін", – деп Нұрлан Әбдіров саяси партияларға үндеу жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу