Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды

332

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.    

Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды Фото: election.gov.kz

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды", – делінген Жарлықта.

Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген.

КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының күндізгі адъюнктурасын (Мәскеу қ.), Дж.Маршалл атындағы Қауіпсіздік мәселелерін зерделеу жөніндегі Еуропалық орталықта басшылық құрамның 4 айлық курстарын (Германия) бітірген.

Заңгер-құқықтанушы. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

09.1982 – 06.1997 жж. – ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде оқытушылық қызмет атқарды.

06.1997 – 05.2000 жж. – Қазақстан Республикасының Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы.

05.2000 – 09.2002 жж. – Қазақстан Республикасы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары.

09.2002 – 06.2005 жж. – Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының мемлекеттік инспекторы, Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығы Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

06.2005 – 09.2009 жж. – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының меңгерушісі.

09.2009 – 08.2020 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші, бесінші, алтыншы сайланымдарының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.

08.2020 – 09.2020 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

09.2020 – 01.2022 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары.

ҚР Президентінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 784 Жарлығымен бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу