Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаева тосын жаңалықтарымен бөлісті

10656

Әншілер үлкен жобамен айналысып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап.

Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаева тосын жаңалықтарымен бөлісті Фото: @aikerim_kalaubaeva_official

"Мен тек Әйгеріммен дуэт айтамын. Әйгерім тек менімен дуэт айтады. Осындай ой бар. Өйткені, біз бұған кәдімгі жоба ретінде қарап жатырмыз. Бұған дейін арасында ғана той жүргізген кезге әндеріміз болсын десек, енді кәсіби тұрғыдан қараймыз. Әрбір үтір-нүктесіне дейін, оның киімі, стилі, клипіне мән береміз, өзінің жүйесі болуы керек", – дейді Нұрлан.

Жүргізушісі Әйгерім Сейфолла әншіден "өнердегі жұлдызды жұптардың қатарын толтырасыздар ма?" деп сұрады.

"Алла бұйыртса, толтырамыз. Олсыз да толтырып келе жатырмыз деп ойлаймын. Осы күнге дейін жарыққа шыққан екі-үш әніміз бар. Енді жақында бөлек альбом шығады. Мұны әлі ешкім білмейді, тек жақын адамдарымыз ғана хабардар", – деді әнші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу