Нұрлан Әуесбаевтың кандидаттығы талаптарға сәйкес келеді - ОСК

640

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сәйкестігін белгілеу туралы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұрлан Әуесбаевтың кандидаттығы талаптарға сәйкес келеді - ОСК

"Бүгінгі отырыста ҚР Президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды. Комиссия Нұрлан Әуесбаев  ҚР Конституциясы мен "Сайлау туралы" заң талаптарына сай келеді. Тәртіптеме бойынша кандидаттың сәйкестік хаттамасына қол қою отырыс кезінде жүргізілді", - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Бүгін оппозициядан Президенттікке ұсынылған жалғыз үміткер мемлекеттік тілді білуі бойынша емтихан тапсырғанын жазған болатынбыз.

Cондай-ақ, ертең Президентікке кандидаттарды ұсыну аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу