Құрылтай депутаты Нұрлан Бекназаров I шақырылымдағы Құрылтай төрағасының орынбасары болып сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай өзінің орынбасарлары лауазымына Нұрлан Бекназаровтың, Дания Еспаеваның және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды. Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар Спикердің ұсынысын қолдады.
Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, Нұрлан Бекназаров 1984-1992 жылдары облыстық спорт басқармасының Қажымұқан атындағы Орталық стадионында әдіскер, инженер, бас инженер, директордың орынбасары, директоры (Шымкент қаласы).
1992-1996 жылдары облыстық несиелер және инвестицияларды сақтандыру басқарманың бастығы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік сақтандыру мекемесінің бас директорының бірінші орынбасары.
1996-2003 жылдары "Сенім" ЖАҚ, "Санур" ЖШС, "Трансойл" АҚ филиалы директорының орынбасары, вице-президенті.
1999-2018 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының II, III, IV, V, VІ шақырылымдарының депутаты болып сайланды.
2003-2011 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының тексеру комиссиясының екі шақырылымының төрағасы.
2011-2018 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының үш шақырылымның хатшысы.
2018 және 2023 жылдары Парламент Сенатының депутаты болып екі рет сайланды.
Айта кету керек, бұған дейін Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланғанын жазғанбыз.