Нұрлан Ермекбаев Ливанға аттанып бара жатқан әскери қызметшілермен кездесті

931

ҚР Қорғаныс министрі Алматы облысының әскери бөлімдері мен бөлімшелеріне барды.

Нұрлан Ермекбаев Ливанға аттанып бара жатқан әскери қызметшілермен кездесті

Әскери ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев Алматы, Жетіген, Қапшағай, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарының әскери бөлімдері мен бөлімшелерін тексерді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрі әскери қалашықтардың инфрақұрылымы мен нысандарын аралап, ҚР ҚМ Әскери клиникалық госпиталіне барды. Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-материалдық базасымен танысты.

Жұмыс сапары барысында ҚР Қорғаныс министрі бітімгершілік миссияны орындау үшін Ливанға аттанып бара жатқан бітімгершілік ротаның әскери қызметшілерімен кездесті.

Қорытындысы бойынша Нұрлан Ермекбаев әскери бөлімдер мен бөлімшелердің қызметін оңтайландыру, оқу-материалдық базаны жетілдіру және әскери қалашықтардың инфрақұрылымын әрі қарай дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу