Нұрлан Ермекбаев: Радикалды ұйымдардың 80 пайызын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды

971

Нұрлан Ермекбаев: Радикалды ұйымдардың 80 пайызын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жастар саясатын жүзеге асырумен айналысатын ведомство басшыларының халықаралық министрлік кездесуіне қатысты. Мәскеу қаласында өткен кездесу әлемнің 70-тен аса елінің өкілдерінің басын қосты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министр жастар арасындағы алдын-алу жұмыстарын жүргізуге баса назар аударды.

"Жастарға бұқаралық мәдениет және интернет күшті ықпал етеді. Бүгінгі күні түрлі радикалды ұйымдардың 80%-ын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Осыған орай, елімізде және жалпы халықаралық жастар ынтымақтастық жүйесінде жастарды бағыттауға және ынталандыруға арналған құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жүйесі болғаны маңызды", - деп атады өз сөзінде Нұрлан Ермекбаев. 

Бұдан өзге, Нұрлан Ермекбаев іс-шараға әлі қатыспайтын елдер министрлерінің арасында барлық аталған алаңдардың жұмыс жоспарларын таратуды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу