Нұрлан Еспанов Кореяда баланың тұсауын кесті

1458

Әнші, сазгер Нұрлан Еспанов Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында қазақ баласының тұсауын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нұрлан Еспанов Кореяда баланың тұсауын кесті Фото: espanov_n

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Алланың қалауымен күтпеген жерден тойға кіріп, Сеулде тұсау кестім. Қадамы сәтті болсын. Кәсіппен айналысып жүрген бауырларым аман болсын. "Бақыт" деген сәт екенін ұмытпайық, достар. Қандастарымыз аман болсын. Ораза қабыл болсын", - деді Нұрлан Еспанов.

Сондай-ақ әншінің тұсау кеспестен бұрын тілек айтып, той иесімен әзілдесті.

"Ханымдар мен мырзалар, Кореяға келіп, тұсау кесеміз деп кім ойлаған? Қадамы сәтті, өмірі тәтті болсын. Мәнді әрі сәнді болсын. Мен әзілге жақын адаммын ғой, қаңбыбас болса, маған өкпелемеңіздер. Үйде тұрмайтын бала болса, маған өкпелемеңіздер. Бастысы мен сияқты ішпейтін, шекпейтін, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болсын", - деді Нұрлан Еспанов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу