Нұрлан имам АҚШ-та Трамп өткізген қайырымдылық асқа қатысты

146

Ақ үйде өткен іс-шараға 2500 адам жиналған.

Нұрлан имам АҚШ-та Трамп өткізген қайырымдылық асқа қатысты Фото: instagram.com/nurlanimam.kz

Нұрлан имам деген атпен танымал Нұрлан Байжігітұлы АҚШ астанасы Вашингтонда өткен Ақ үйдің қайырымдылық таңғы асына қатысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шарада АҚШ-тың жаңадан тағайындалған президенті Дональд Трамп сөз сөйлеген.

"Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл - елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп" деп айтқаны. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекет президенттері отырды. Түйгенім: Еліміздің әрбір азаматы аманатты сезініп, ісіне адал, жүрегі таза, Отанын шынайы сүйіп қызмет етсе, біздің де алға басар қадамдарымыз қарыштайтынына сенімім мол ағайындар…" – деді ол.

Айта кетейік, Нұрлан имам – Астанадағы "Ырыскелді қажы" мешітінің бас имамы. Ол кейінгі бірнеше жылдан бері әлеуметтік желілер арқылы халыққа жақсы таныс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу