Нұрлан имам Дональд Трамптың қайырымдылық асына қатысты

375

Бұл туралы Нұрлан имам әлеуметтік желіде жазды.  

Нұрлан имам Дональд Трамптың қайырымдылық асына қатысты Фото: instagram.com/nurlanimam

Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ президенті Дональд Трамптың Вашингтонда өткізген дәстүрлі таңғы ас рәсіміне қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, биыл бұл шараға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған екі мыңдай тұлға қатысады.

"Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда әдеттегі 74-ші таңғы ас рәсіміне қатысуға келдім. АҚШ-президенті Дональд Трамп мырза өзі қатысатын ас биыл екі мыңдай әлем тұлғаларын жинайтын ерекше алқалы жиын. Жастарымыз білім мен ғылым, өркениет пен мәдениетке ұмтылып, имандылықпен ұштасқан салтымызды бекем ұстанса, алар асуы шыңдар болып, жаһанның талай есіктері ашылатыны ақиқат", – деп жазды Нұрлан Имам әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кететіні, Нұрлан имам Ақ үйде өткен қайырымдылық асқа былтыр да барған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу