Нұрлан имам қара жамылғандармен күресуге шақырды

3015

Нұрлан имамның айтуынша, қара жамылу біздің дінімізде де, салтымызда да жоқ. 

Нұрлан имам қара жамылғандармен күресуге шақырды Фото: коллаж inbusiness.kz

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов елемізде қара жамылғандар көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар депутат уағыз айтатын имамдар ресми түрде Муфтиятқа қатысты тек Әбу Ханифа мазһабын ұстанатындар ғана болуы міндетті екенін айтты.

"Өз-өзін “ұстаз” деп атайтын, түсініксіз ағымдардың өкілі емес.

Соңғы кезде қазақ ұлтының ежелден келе жатқан анау дәстүрі харам, мынау заты сәйкес келмейді, мына киім дұрыс емес деп араңдататын “уағыз” айтатындар көбейді", - деді Мұрат Әбенов.

Сондай-ақ, ол салт-дәстүрді дәріптеуде де діннің шиеленісіп кеткенін жасырмады.

“Домбыра тартпа, сәлем салма, бетті ашпа, тұсау кеспе” - деп халықты ашуын туғызатын насихатшылар пайда болды.

​Қазақ ислам ді­­нінің "Әбу Ханифа" мазһабын, яғни Ха­нафи бағытының байырғы түркілік салт-дәс­түрдің ислам дініне қайшы келмейтін тұс­тарын сақтап қабылдаған.

Мысалы қазақ даласында адам қайтыс болғаннан кейін дүние-мүл­кімен, мінген атымен жерлеу дәстүрі болғанын археологиялық қазбалардан көреміз.

Олар исламға қайшы келетін болғасын осы жерде тұрғандар сол баяғы кездерде ол дәстүрден бас тартқан.

Демек, қазақтың осы кез­ге дейін орныққан салт-дәстүрлерінің бә­рі дінмен үйлескен , сәйкес келтірілген ұлттық құндылық.

Оларды қазір ревизия жасап, жоққа шығарудың қажеті жоқ.

Бізге Ханафи мәзһабы Ислам құндылықтарын ұлттық салт-дәстүрлермен ұтымды ұштастыра білгені үшін аса маңызды", - деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу