Нұрлан Қылышбаев ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болды

1063

Бұған дейін алтыншы сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитет мүшесі болды.

Нұрлан Қылышбаев ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болды

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нұрлан Наурызұлы Қылышбаев Қазақстан Республикасы ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрлан Қылышбаев 1971 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Д. Қонаев атындағы гуманитарлық институтты бітірген. 

Еңбек жолын 1993 жылы "Талдықорған – Нижний Новгород" сауда үйінің жетекші маманы болып бастаған.

1994-1996 жылдары — Талдықорған орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің жетекші инженері.

1996-1997 жылдары — ҚР ІІМ органдарында қызмет атқарды.

1997-1999 жылдары — Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі.

1999-2004 жылдары — Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімі аппаратында консультант, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы.

 2004-2010 жылдары — коммерциялық ұйымның президенті. 

2010-2013 жылдары Талдықорған қаласы, Алматы облысының Табиғи ресурстар басқармасында басшылық қызметтерді атқарған.

 2013-2016 жылдары — Алматы облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылының әкімі.

2016-2017 жылдары — алтыншы сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі.

2017 жылғы қыркүйектен бастап алтыншы сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитет мүшесі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу