Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды

730

Ол сотта өз кінәсін мойындамады.

Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды Фото: Globalnews

Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке, оның экс-орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евковичке қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сотталушылар М. және С., ҚК 366, 368, 189-баптары бойынша кінәларын мойындамады және ақтауды сұрады. Е., өз кінәсін толық мойындады. Алқабилердің қатысуымен сот кесімі бойынша сотталушылар өздеріне тағылған қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылды. М.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша мүлкін тәркілеумен, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. C.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды. Е.-ге мүлкін тәркілеумен, 7 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметін атқару құқығынан айыра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды тағайындады", дейді Павлодар сотынан.

Сондай-ақ, сот М.-ды мемлекеттік наградасынан және генерал-майор атағынан, ал С.-ны - полковник арнайы атағынан айыру туралы ұсыныс жасады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, былтыр сәуірде Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған. Кейін шілдеде оның Ресеймен шекарада ұсталғаны хабарланды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу