Нұрлан Мәсімов 13 жылға сотталуы мүмкін

560

Айыпталушы 423 миллион теңге мемлекет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді.

Нұрлан Мәсімов 13 жылға сотталуы мүмкін Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов 13 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының прокуроры, сонымен қатар, Алакөл жағасындағы үйін тәркілеп, 16 миллион теңгені қайтаруды талап етті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Atameken Business арнасына сілтеме жасап.

Мәсімов мұның бәрін пара ретінде алды деп айыпталып отыр. Алқабилердің қатысуымен сот процесі бір сағат бұрын Павлодарда аяқталды.

Фемида өкілдері айыпталушыны 423 миллион теңге мемлекет қаражатын ұрлады деп санайды.

Сондай-ақ Прокурор сотталушыдан мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыруды және "Айбын" екінші дәрежелі орденімен бірге полиция генерал-майоры атағын қайтаруды сұрады. Сотталушының өзі кінәні мойындамады және "ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовпен туыстық байланыстары бар болған соң ғана айыпталып отырмын" деп санайды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан Мәсімов қаңтар айындағы оқиғалардан кейін қызметінен босатылды, кейінірек ол жалған құжаттар арқылы Ресеймен шекарадан өтпек болған кезде ұсталды.

"Жоғарыда айтылғандардың негізінде соттан Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ҚР ҚК 366, 189 және 392-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұраймын", - деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының прокуроры Азамат Ғарифолла.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу