Нұрлан Ноғаев: Біз мұнай өндірісін қысқартуға дайынбыз

849

ОПЕК+ форматындағы министрлер кеңесі 11 сағат созылды.

 Нұрлан Ноғаев: Біз мұнай өндірісін қысқартуға дайынбыз

Келіссөздер бейнеконференция форматында өтті. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстан сындарлы диалогтың жақтаушысы болғанын және болып қала беретінін ескертті.

"Негізгі мұнай өндіруші елдер арасында үйлесімді іс-қимылдың болмауы онсыз да күрделі жағдайды қиындата түсуде", – деген министр Қазақстан өз міндеттемелерін әрдайым орындағанын атады.

"Біз алдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша оң нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз. Бұл ретте, әлемдік мұнай нарығындағы байқалған теңгерімсіздік тек ОПЕК + елдерінің күш-жігері жеткіліксіз болатынын және жағдай нарықтың барлық қатысушыларының белсенді қатысуын талап ететінін көрсетіп отыр. Біз өз кезегімізде бүгінгі күн тәртібінің өзектілігін түсінеміз және мұнай өндіруді жалпы қысқартуға қатысуға дайынбыз",– деді ол.

11 сағатқа созылған келіссөздер нәтижесінде тараптар қандай да бір келісімге келе алған жоқ.

"Қазақстан өз кезегінде алдағы уақытта мұнайды өндіру көлемін қысқарту бойынша коллективті ортақ шешім қабылданады деп үміттенеді, бұл шара өз кезегінде мұнай индустриясына оң әсерін тигізеді", – деп жазады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу