Нұрлан Ноғаев елбасыға есеп береді

802

Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары жоспарланып отыр.  

Нұрлан Ноғаев елбасыға есеп береді

Елбасы өңірдегі іргелі істермен танысып, облыс активімен кездеседі деп күтіліп отыр. Сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын бағамдайды, деп хабарлайды 24.kz.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыстағы сапарын әдеттегідей өндіріс саласындағы өркенді істермен танысудан бастайды.

Президент баратын нысандардың алғашқысы – "Дәулет нан серіктестігі". Онда ас атасы наннан бастап макарон өнімдері және ет консервісіне дейін шығарылады. Жалпы компания Елбасы назарына нан өнімдерінен бөлек, кластерлік негізде құрылған кешенді өндіріс орындарын таныстырады. Онда электр қуатын өндіретін және асфальт шығаратын кәсіпорын да бар.

Бұдан әрі Нұрсұлтан Назарбаев "Ембімұнайгаз" акционерлік қоғамының интеллектуалды жобаларын да көреді. Оның ерекшелігі, қала орталығындағы кеңседен кен орындарын қашықтан басқаруға болады.

Сондай-ақ бүгін президент баратын нысандардың қатарында қара алтын кеніштеріне металл бұйымдарын дайындайтын цех та бар.

Мемлекет басшысы нысандарды аралап болған соң, облыс активімен кездеседі деп күтіліп отыр. Онда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев есеп береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу