Нұрлан Нығматулин Атамбаевқа қатысты пікірін білдірді

769

Нұрлан Нығматулин Атамбаевқа қатысты пікірін білдірді

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Алмазбек Атамбаевтың айтқан сөздеріне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан халқын өзгелердің бәрінен артық қолдап, көмектесіп жатыр.

"Қырғызстан халқының да Қазақстан көшбасшысына жылы лебізбен және ризашылықпен қарайтынын білемін. Сондықтан, Атамбаевтың осындай "бос", популистік және жауапсыз сөздері біздің халықтардың бауырластық қатынасына сызат түсірмеуі керек", - деп мәлімдеді Нұрлан Нығматулин.

Спикер сондай-ақ Атамбаевтың басшылық еткен жылдарында ешқандай нәтижеге қол жеткізбегенін атап өтті.

"Атамбаевтың өзіне тоқталар болсақ, өзінің президенттік еткен жылдары экономикада да, саясатта да ешқандай нәтиже көрсете алмағаны баршаға аян. Енді, кетіп бара жатып өзінің саяси, сондай-ақ ішкі мәдениетінің мүлдем жоқ екенін дәлелдеді", - деді мәжіліс төрағасы.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу