Нұрлан Нығматулин Арменияның елшісін қабылдады

888

Нұрлан Нығматулин Арменияның елшісін қабылдады

Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Арменияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ара Саакянды қабылдады, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады.

Мәжіліс төрағасы ынтымақтастық орнаған 26 жыл ішінде екі ел қарым-қатынасы өзара тиімді әріптестік деңгейінде табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ төраға сауда-экономикалық іс-қимыл әлеуетіне айрықша көңіл бөлді. Осы жолда ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ақпараттық технология, туризм салалары біздің елдеріміздің іскерлік ықпалдастығын дамытудың басым бағыттары болмақ.

Тараптар осы айдың соңында Ереванда өтетін ҰҚШҰ парламенттік Ассамблеясының көшпелі отырысына дайындық барысын сөз етті. Онда бірқатар моделдік заңдар қабылданады деп күтілуде.

Жүздесуде мәдени-гуманитарлық, халықаралық ынтымақтастық жайы да сөз болды.

Айта кетсек, мәжілісте Армения Республикасымен ынтымақтастық жөнінде топ жұмыс істейді. Сонымен қатар, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы және ҰҚШҰ шеңберінде тығыз қарым-қатынас орнаған. Алдағы уақытта бейінді комитеттер мен парламентаралық топтар шеңберінде іс-сапарлар арқылы заңнамалық тәжірибе алмасуды одан әрі ынталандыру жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу