Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырыста энергетика министрлігіне тарифтің бағасын төмендету туралы сауал жолдады, strategy2050.kz.
Жалпы отырыста "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.
"Алғашқы оқылымға ұсынылған заң жобасы 51-қадамда айтылған мәселелерді толық қамтымаған. Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру (ӨЭК) бойынша тек 27 компания ғана біріктірілген", – дейді Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин елбасының "100 қадам" ұлт жоспарының 51-қадамында айтылғандарды еске салды. Төраға 51-қадамға сәйкес өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру (ӨЭК) керектігін және тұтынушыларға электр энергиясының ақысын азайтуды ұсынды.
Заң жобасы бойынша жұмыс істеуде депутаттар енгізген ұсыныстар электр энергиясын тапсыру қызметіне сәйкес талаптарды сақтамау жауапкершілігін қадағалау, тұрғын үй кешендері мен мамандандырылған энергия тарату ұйымдарын салатын салушылар қарамағындағы электр жүйелерін тепе-теңдікте ұстауды қарастырады.