"Баршаңызды еліміздің ең мерейлі, ең мәртебелі мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – әрбір қазақстандық үшін ерекше орны бар мереке. Себебі, осы тәуелсіздіктің арқасында бабаларымыздың асыл арманына қол жеткіздік. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік алған күннен бастап, дана, көреген, салиқалы саясатының нәтижесінде еліміз іргесі берік, болашағы жарқын, өркениетті елдер деңгейіне жетті", - деді Нұрлан Нығматулин.
Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы, Елбасының стратегиялық даму бағытын бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев одан әрі жалғастырып жатқанына ерекше назар аударды.
Нұрлан Нығматулин еліміз осы жылдар ішінде зор табыстарға, шынайы жеңістерге жеткенін, бұл барлық қазақстандықтар үшін баға жетпес байлық, зор мақтаныш екенін айтып, елімізге бірлік пен тыныштық, халқымызға мықты денсаулық және амандық тіледі.