Нұрлан Нығматулин Конституция күнімен құттықтады

755

Мәжіліс Төрағасы Тәуелсіздіктің тұғырына айналған Ата заң әрбір қазақстандық үшін қымбат екенін алға тарта келіп, барша халқымызға амандық, елімізге құт-береке тіледі.  

Нұрлан Нығматулин Конституция күнімен құттықтады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды мемлекеттің айтулы мерекесі Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәжіліс Төрағасы өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында жариялаған құттықтауында: "Сіздерді еліміздің мәртебелі мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 25 жыл бұрын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев іргесін қалаған Ата заңымыз тәуелсіздігімізді нығайтып, халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырды!" – деді.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы өз құттықтауында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Конституцияда белгіленген қағидаттарының арқасында Қазақстан бүгінде заманның сын-қатерлеріне жауап беріп, Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев ұсынған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес дамып келе жатқанына тоқталды.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин 1995 жылы қабылданған Конституцияның арқасында кәсіби Парламент құрылғанын айтып, Конституцияда бекітілген қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық және патриотизм - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың кепіліне айналғанына назар аударды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу