Нұрлан Нығматулин Өзбекстанның парламенттік делегациясын қабылдады

635

Нұрлан Нығматулин Өзбекстанның парламенттік делегациясын қабылдады

Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Өзбекстан Олий мажлисі заң шығарушы палатасы төрағасының орынбасары Борий Алиханов бастаған Өзбекстанның парламенттік делегациясын қабылдады, деп хабарлайды ҚР парламенті мәжілісінің баспасөз қызметі.
 Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Өзбекстан Орталық Азиядағы Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі және екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық саясаты бұдан әрі тереңдей түспек. Мәжіліс төрағасының айтуынша, екі елдің өзара байланысының кеңеюіне жаңа серпін берген Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеевтың мемлекеттік сапарлары болды. Мемлекет басшыларының кездесуі нәтижесінде стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету және тату көршілікті нығайту туралы бірлескен декларацияға қол қойылды. 
Сонымен қатар, палата төрағасы еліміздің халықаралық аренадағы бастамаларына, атап айтқанда 2017-2018 жылдардағы БҰҰ ҚК мүшелігі, Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесіне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Оған қоса Өзбекстанның парламенттік делегациясын мәжілістің қызметімен таныстырып, Қазақстан Республикасы президентінің "Қазақстан-2050" стратегиясында және Қазақстанның үшінші жаңғыруы міндеттерін орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. 
Тараптар әңгімелесу барысында парламентаралық ынтымақтастық топтарының әлеуетін белсенді пайдалануға, сондай-ақ, палаталардың бейінді комитеттерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге шақырды. 
Өзбекстанның парламенттік делегациясы сапар барысында Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына баруды жоспарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу