Нұрлан Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі.
Бүгін мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.
Тараптар екіжақты, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті сұрақтарын талқылады.
Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі, сенімді досы және тату көршісі. Өткен жылы қос мемлекет арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толды.
Маңызды бағыттар қатарында Нұрлан Нығматулин аймақаралық және шекарааралық ынтымақтасты, Еуразиялық кеңістікте интеграциялық бірлесітктер аясында өзара іс-қимылды атады.
Өз кезегінде Алексей Бородавкин Қазақстанмен достық қатынасты дамыту зор маңызға ие екенін алға тартып, екі ел арасындағы ауқымды жетістіктерге тоқталды.
Мәжіліс төрағасы елшіні жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтай келіп, Алексей Бородавкиннің дипломатиялық жұмыстағы мол тәжірибесі біздің елдеріміз арасындағы байланысты жан-жақты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.