Нұрлан Нығматулин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

989

Палата спикері "Қазфосфат" зауытында болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. 

Нұрлан Нығматулин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

Бүгін мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Онда кәсіпорындардағы еңбек ұжымдары мен тұрғылықты халықпен кездесті. Іс-шарада палата төрағасы депутаттардың заң шығарушылық жұмысы туралы, соның ішінде, мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған заңдар туралы әңгімеледі.

Палата спикері "Қазфосфат" зауытында болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Қазақстандағы химия өнеркәсібі жағынан алғашқы қатарда тұрған кәсіпорынға биыл 20 жыл толады.

Осы уақыт ішінде "Қазфосфат" тек елімізде ғана емес, басқа шет мемлекеттерге де фосфор өнімдерін шығарды. Сонымен бірге, ТМД,  Қытай, Шығыс және Батыс Еуропа елдеріне жол тауып, әлемдік деңгейдегі ірі  өндіріс орнына айналды. Қазіргі уақытта  еліміз бойынша 7 филиал ашылып, ол 6 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

"Мемлекетіміздің өңдеу өнеркәсібі 9,5 трлн теңгеге дейін артып, отандық өнімдеріміз әлемнің 110 елінде сатылып келеді. Мемлекетімізде жүргізілген ірі реформалардың арқасында  қазақстандықтардың тұрақты   табыс табуына кең жол ашылды", – деді Нұрлан Нығматулин.   

Сонымен қатар, палата спикері еліміздегі әлеуметтік жағдайға тоқталып, Тәуелсіздің алған жылдардан бастап еліміздегі жалақы көлемі 4 есеге дейін өскенін, бір миллионнан астам қазақстандықтар тұрғын үймен қамтамасыз етілгенін, алдағы бес жылда президентіміздің әлеуметтік бағдарламасы аясында 70 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салу   жоспарланғанын, ол 2 миллионнан астам адамға  баспаналы болуға мүмкіндік  беретінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу