Бүгін мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Беларусь Республикасына екі күндік жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.
Межелі шаралар аясында Жеңіс монументі жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қою жоспарланған. Сондай-ақ Беларусь ұлттық жиналысы Өкілдер палатасы басшысымен кездесу белгіленген.
Сапар барысында Мәжіліс Спикері Беларусь мемлекеттік университеті ұжымымен және студенттерімен кездеседі. Сонымен бірге Минск көлік зауытына сапары жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу