Ол рейдерлік жасау күдігіне ілінген.
"Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын растаймыз", – деп жауап берді Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.
Сонымен қатар, ресми өкіл Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған жайтқа қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын ескертті.
Айта кетейік, биыл 3 наурызда еліміздің прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялады.
Кейін Прокуратура органдарының бастама жасауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеу жариялаған А.Нығматулиннің үстінен қандай бап бойынша іс қозғалғаны мәлім болды.
"Бас прокуратура Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Нығматулин А.З. және өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық істі қарап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында Нығматулин А.З. күдікті деп танылып, оған қатысты сот санкциясы арқылы қамауға алу түріндегі шара таңдалды. Оған шетелде болуына байланысты іздеу жарияланды", – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Ал, Арғын Нығматулиннің Қазақстаннан тергеу басталғанға дейін кеткені белгілі болды.