ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов Қарағанды іргесінде құлаған МИГ-31 ұшағының экипажы туралы мәлімет берді.
"Әуе апатының орнына бірінші болып "ҚазҚұтқару" іздестіру-құтқару қызметінің тікұшағы мен Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің жер бетіндегі құтқару командасы жедел жетті. Оқиға орнында ұшқыштарға алғашқы меициналық жәрдем көрсетілді. Осыдан кейін Қарағанды облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда ұшқыштарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бір ұшқыштың жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалап отыр. Екіншісінің жағдайы орташа ауыр деңгейде. Қорғаныс министрі құрған комиссия аталмыш әуе апатын тексеруге кірісіп кетті", – деді қолбасшы.
Есжан Ботақара