Нұрлан Орманбетов: МИГ-31 апатына адам факторы да себеп болуы мүмкін

1176

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Қарағанды түбіндегі әскери ұшақ апатының ықтимал себептерін атады.

Нұрлан Орманбетов: МИГ-31 апатына адам факторы да себеп болуы мүмкін

ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов Қарағанды іргесіндегі ұшақ апатының себептері мен болжамдарға қатысты пікір білдірді. 

"Әуе техникасындағы ақаудың себептерін анықтайтын комиссия жұмыс істеп жатыр. Ол комиссия мүмкін нұсқаларадың бәрін жіті тексеріп шығады. Соның негізінде апаттың себебін белгілейтін қорытынды шығарады. Қазір бірнеше нұсқа қаралып жатыр. Оның ішінде  ұшу кезінде әуе техникасының істен шығуы, сыртқы факторлар әсері де бар. Адам факторы да жоққа шығарылмайды. Аталмыш ұшақ экипажы өте сауатты қимылдағанын айтқым келеді. Соңына дейін әуе техникасын аман алып қалуға тырысқан. Бірақ әуе техникасының істен шығуы салдарынан апатты жағдай болған. Осыған байланысты комиссияның  ресми қорытындысын күтулеріңізді сұраймын", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу