Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
1967 жылы 20 мамырда дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын кәсіпкерлік құрылымдарда бастаған.
1997-2011 жылдары аралығында теміржол және мұнай-газ салаларындағы ұлттық компанияларда жұмыс істеген.
2011-2014 жылдары – Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.
2014-2016 жылдары – Қорғаныс министрінің орынбасары.
2017-2018 жылдары – Шымкент қаласының әкімі.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі.
2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Көлік министрі болып тағайындалды.
2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Көлік министрі болып тағайындалды.