Нұрлан Смағұлов су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 6,1 млрд теңге жіберді

1157

Astana Group құрамына кіретін компаниялар мен Нұрлан Смағұлов Қоры су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 6,1 млрд теңге қаражат бөлді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нұрлан Смағұлов су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 6,1 млрд теңге жіберді Фото: naryk.kz

Нұрлан Смағұлов қоры су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 5,6 млрд теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінгенін мәлімдеді. Қаражат өмірлік маңызы бар инфрақұрылымды қалпына келтіру және үйлері су тасқыны нәтижесінде бүлінген немесе қираған адамдарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстан облысына жіберілді.

"Қазақстан өңірлеріндегі ауқымды тасқын еліміз үшін нағыз сын-қатер болды. Қазақстандықтар ТЖ кезінде бірігіп, қиындыққа тап болған адамдар мен жануарларға көмек көрсете отырып, өздерін жақсы жағынан танытты. Су тасқыны жағдайы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Біздің компанияларымыздың тобы зардап шеккен өңірлерге ақшалай қаражат аударып, гуманитарлық көмек жіберіп, қиын-қыстау кезеңде алғашқы күндерден бастап ат салысты. Біз жаңалықтарды мұқият қарап жүрміз, қазір су шегініп жатыр және жағдай тұрақтанады деп үміттеніп айтамыз. Бірақ алда адамдарды қалыпты өмірге қайтару бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Біз Қорымыз арқылы 5,6 миллиард теңге бөлуді шештік. Бұл қаражат қазақстандықтардың игілігіне жұмсалсын", – деді кәсіпкер әрі меценат Нұрлан Смағұлов.

Нұрлан Смағұлов — "Астана Моторс" компанияларын, MEGA СОО желісін және Mycar.kz компаниялар тобын қамтитын Astana Group негізін салушы.

2024 жылғы 1 сәуірде "Астана Моторс" компаниясы 500 млн теңге мөлшерінде тасқыннан зардап шеккен адамдар үшін көмекті алғышқылардың бірі болып аударды.

Сонымен қатар "Астана Моторс", MEGA СОО, Mycar.kz қызметкерлері өз бастамасымен 10 млн 421 мың теңге мөлшерінде қаражат жинап берді, бұл ақшаға азық-түліктер мен алғашқы қажеттілік заттары сатып алынды. Гуманитарлық көмек Ақмола облысының Атбасар ауданына жіберілді.

"Астана Моторс" құрамына кіретін Chery бренді қытайлық Chery International компаниясымен бірлесе отырып, Солтүстік Қазақстан облысына 50 млн теңгеге баламалы гуманитарлық көмек жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу