​​Нұрлан Жалғасбаев Қазақстанның Үндістандағы елшісі қызметіне тағайындалды

1303

Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды.

​​Нұрлан Жалғасбаев Қазақстанның Үндістандағы елшісі қызметіне тағайындалды

​​Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев 1970 жылы 2 сәуірде Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген.

Петрозаводск мемлекеттік университетін бітірген.

Өзінің дипломатиялық мансабын 1993 жылы Азия елдері басқармасының референті ретінде бастаған.

ҚР СІМ Орталық аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеп, оның ішінде Көпжақты ынтымақтастық департаментін, Халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері департаментін және Еуропа департаментін басқарды. Сондай-ақ, Қазақстанның Литва, Грузия, Норвегия, Италиядағы елшіліктерінде және Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінде жұмыс істеді.

1999-2000 жылдары ҚР Президенті Протоколы басшысының орынбасары болды.

2016-2019 жылдары АӨСШК-де жұмыс істеді.

Қазақстанның Үндістандағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры болды.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу