"Нұрлы жер": 15 жылда 1,5 миллион отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

1236

Мемлекеттік бағдарлама басталған 2 жыл ішінде қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі бойынша алдыңғы қатарда Астана (4,7 млн ш.м), Алматы қаласы (2,6 млн ш.м), Маңғыстау (1,8 млн ш.м), Ақтөбе (1,5 млн ш.м), Атырау (1,3 млн ш.м), Алматы облысы (1,3 млн ш.м) және Қызылорда (1,2 млн ш.м) облысы тұр.

"Нұрлы жер": 15 жылда 1,5 миллион отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Былтыр "Нұрлы жер" бағдарламасымен 100 мыңға жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы 15 жылда 1,5 млн отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама жүзеге асырылған 2 жылдың ішінде шамамен 200 мыңға жуық отбасы тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.

Еске сала кетсек, "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы 2016 жылдың желтоқсанында қабылданды. 2018 жылдың маусым айында ол мемлекеттік бағдарлама болып қайта бекітілді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2017 және 2018 жылдың 11 айында барлық қаржыландыру көздерінен 22 161 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Соның нәтижесінде 197 573 отбасы өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік алған. Оның ішінде 2017 жылы – 11 168 мың шаршы метр (100 812 баспана), 2018 жылдың 11 айында — 10 993 мың шаршы метр (96 761 баспана) берілген. 

2018 жылы жалпы 12,1 млн шаршы метр тұрғын үйді (немесе 100 мыңға жуық баспана) пайдалануға беру керек болатын, оның ішінде 1,3 млн шаршы метр тұрғын үйі — мемлекеттік инвестициялар есебінен. 2018 жылдың 11 айында 11 млн шаршы метр пайдалануға берілді, бұл жылдық жоспардың 91%-ы. 96 731 баспана салынды немесе жылдық жоспардың 97%-ы орындалды. Жылдық жоспарды 12 айдың қорытындысы бойынша толық көлемде орындау көзделген.

Мемлекеттік бағдарлама басталған 2 жыл ішінде қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі бойынша алдыңғы қатарда Астана (4,7 млн ш.м), Алматы қаласы (2,6 млн ш.м), Маңғыстау (1,8 млн ш.м), Ақтөбе (1,5 млн ш.м), Атырау (1,3 млн ш.м), Алматы облысы (1,3 млн ш.м) және Қызылорда (1,2 млн ш.м) облысы тұр.

2017 жыл және 2018 жылғы 11 ай ішінде тұрғын үй құрылысына 2044,8 млрд теңге инвестиция салынды (2017 жылы – 1022,5 млрд теңге, 2018 жылдың 11 айында – 1022,3 млрд теңге).

Осы кезең ішінде мемлекеттің жұмсалған 1 теңге қаражатына 5,5 теңге жеке инвестция тартылды (315,4 млрд теңге/1729,4 млрд теңге).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу