Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істер комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов "Нұрлы жер" бағдарламасы туралы сөз қозғады.
"Нұрлы жер" бағдарламасы 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Үш жылда 36,8 млн шаршы метр тұрғын үй немес 330 мың баспана салынған. 89 мың отбасы мемлекеттік тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде қолжетімді баспана мен жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама бойынша үй алғандар бар", – деді ол.
Комитет төрағасының сөзінше 2017 жылдан бері тұрғын үй саласына 3,6 трлн теңге инвестиция салынған. Ал "Нұрлы жер" бағдарламасына 919 млрд теңге мемлекеттік инвестиция тартылыпты.
"Яғни 1 теңге мемлекеттік инвестициясы болса, 6 теңге жеке инвестиция. Бұл жобаның тиімділігін көрсетеді", – деп түйіндеді Мархабат Жайымбетов.
Құралай Құдайберген