"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үй құны қайта қаралуда

702

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үй құны қайта қаралады, деп хабарлайды Atameken Business.   

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үй құны қайта қаралуда

Салаға жауапты министрлік қаржыландыруды ұлғайтпақ. Оған соңғы жылдары тұрғындар тарапынан үйлердің сапасына қатысты шағымдардың жиілеуі себеп. Мәселен, қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бір шаршы метр 160-180 мың теңге көлемінде болғанымен, бұл сапаның нашарлауына алып келген.  Дейтұрғанмен, нарықтағы баға басқа. Мысалы, өткен жылы ол қарқынды түрде өсті.

Елдің бірқатар қалаларында тұрғын-үй бағасы арзандап келеді

 Баға өсімі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бірінші орында, бір шаршы метрі үшін 419 мың 277 теңге. Елордадан кейін оңтүстік өңірлердегі баға жарты жылда 10 пайызға дейін артып үлгерген. Мәселен, Шымкент қаласындағы бір үйдің шаршы метрі қаңтар айында 381 мың 300 теңге тұрған болса, бүгінгі күнгі оның бағасы - 418 мың 100 теңге. Ақтау, Павлодар және Петропавлдағы баспана құнының өсу қарқыны осыған ұқсас. Ал тұрғын-ұй бағасы арзандап келе жатқан өңірлерге келсек, Ақтөбедегі орташа баға бір шаршы метр үшін - 269 мың 100 теңге. Бір апта бұрын ғана оның құны шамамен 272 мың теңге болған. Атырау қаласында да соңғы айда баспана бағасы 365 мың 900 теңгеден  364 мың 500 теңгеге дейін арзандады. Сондай-ақ, Қарағанды шахарында үй бағасы төрт апта ішінде 4%-ға төмендесе, Көкшетеу, Қызылорда және Семей қалаларында 2%-ға  дейін түсті. Жалпы елімізде қолданыстағы пәтерді қайта сату құны өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға өссе, жаңа тұрғын үйлердің бағасы 19 пайызға көтерілген.

Тұрғын үй бағдарламаларына бөлінетін қаржыны арттыру құрылыс нарығын жандандыра ма?

Тұрғын үй бағасы қашан төмендейді?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу