"Нұрлы жер" бағдарламасына өзгеріс енгізіледі

820

Жалға берілетін тұрғын үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін. 

"Нұрлы жер" бағдарламасына өзгеріс енгізіледі Фото: Максим Морозов

Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету және жұмыс орындарын сақтау үшін "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына өзгеріс енгізу туралы қаулы жобасы әзірленді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, негізгі өзгерістер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін енгізу бөлігіндегі қанатқақты жобаны іске асыруға, қаржыландыруды 180 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, 1 шаршы метр үшін құрылыстың шекті құнын арттыруға және кредиттік тұрғын үйге қатысты көрсеткіштерді түзетуге қатысты болған. 

"Қанатқақты жоба шеңберінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін іске асыруға мүмкіндік беру үшін қаулыны қабылдауды тездету қажет.
Осыған байланысты мүдделі мемлекеттік органдарға және әкімдіктерге жобаны 2 күндік мерзімде келісуге тапсырма беруді сұраймын. Сонымен қатар жергілікті бюджетке жүктемені азайту мақсатында кредиттік тұрғын үй бағдарламасының көрсеткіштерін түзете отырып, жалға берілетін тұрғын үй жобасы бойынша бағалық параметрлерді арттыруды қарастыруды өтінемін", – деді Қайырбек Өскенбаев үкімет басшысы Асқар Маминге бағыттаған сөзінде. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу