«Нұрлы жер»: Елордада 106 отбасы пәтер кілтін алды
02 Желтоқсан 2020 22:58 338

Тұңғыш Президент күні қарсаңында дәрігерлерге, мұғалімдерге, полицейлерге және басқа да кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілттері салтанатты түрде табысталды. Баспана «Қазақстандық Ипотекалық Компаниясының» "Нұрлы жер" бағдарламасы және Нұр-Сұлтан әкімдігі арасындағы келісімнің шеңберінде берілді.