"Нұрлы жерге" бөлінген қаржының жартысынан көбі игерілген жоқ

773

Сенатор Андрей Лукин үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында осылай деп дабыл қақты. 

"Нұрлы жерге" бөлінген қаржының жартысынан көбі игерілген жоқ

Депутаттың мәлімдеуінше, "Нұрлы жер" қолжетімді тұрғын үй салу мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 873,8 млрд теңге бөлінген. Қомақты қаржының 476,8 млрд теңгесі ғана жұмсалған.

"Нұр-Сұлтан қаласында 45,2 мың, Алматы облысында 43,3 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр", – деді Андрей Лукин.

Халық қалаулысы 2017-2019 жылдар аралығында елімізде "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 32,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынғанын алға тартты. 

"Бұл көңіл көншітерлік нәтиже емес, кезекте тұрғандардың саны тым көп. Баспана кезегінде тұрғандардың денін әлеуметтік осал тобына жататын азаматтар, мемлекеттік және бюджет ұйымдарының қызметкерлері сондай-ақ 
әскери адамдар құрайды. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаржысын игеру деңгейі төмен. "Нұрлы жерге" бөлінген қаражаттың 50%-дан астамы игерілмеген", – деді депутат. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу